ҰБТ-ға дайындық оқулық-тестілері туралы

ҰБТ-ға дайындайтын оқулық-тестілердің ерекшеліктері жайлы төмендегілерді атап көрсетуге болады:

  • Оқулық-тестілер мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындығына арналған.
  • ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде дайындалған;
  • мектеп бағдарламасындағы білім көлемін толық қамтиды;
  • теориялық білімді пысықтайтын жаттығу жұмыстары берілген;
  • тақырыпты теориялық жақтан түсіндіргеннен кейін сол тақырыпқа қатысты түсіндірмелі тест сұрақтары орналастырылған;
  • білімді тексеретін тақырыптық тест сұрақтары оқушы білімін пысықтай түседі;
  • оқулықтарда ҰБТ-дағы тестілерге ұқсас сұрақтармен толықтырылған тест нұсқалары бар;
  • барлық жаттығу жұмысы мен тест сұрақтарының жауабы оқулықтың соңында берілген.

Оқулық-тестілер, негізінен, екі бөлімнен тұрады: теориялық бөлім және практикалық бөлім. Теориялық бөлімде жалпы мектеп бағдарламасындағы тақырыптар жайлы теориялық мәлімет беріледі. Тақырыптарды жеңіл меңгерту үшін, тақырыптар, негізінен, кестемен берілген. Ал практикалық бөлімде бүкіл тақырыптарды қамтитын үш түрлі тест нұсқалары берілді. Олар: түсіндірмелі тестілер, тақырыптық тестілер және нұсқалық тестілер.

Оқулықтың соңында барлық жаттығулар мен тест сұрақтарының жауаптары берілген. Осылайша тест сұрақтарының жауаптарының дұрыс-бұрысын тексеруге болады.

Оқулық-тесті мектеп бітіруші түлектердің мектеп бағдарламасындағы материалдарды тыңғылықты қайталап шығуына үлкен үлес қосады деп баға беруге болады.

  • Қазақстан тарихы
  • Физика
  • Қазақ тілі
  • Математика
  • Биология
  • Химия
  • Ағылшын тілі
  • География
  • Русский язык
  • Әдебиет
  • Дүниежүзі тарихы